Жыныстық тәрбие мен профилактика: дөңгелек үстел аясында

Қазақстанда 12 мамырда басталған Репродуктивті денсаулық апталығы аясында еліміздің медицина қызметкерлері белсенді ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізуде. Аталған апталық 18 мамырға дейін жалғасады.


Бүгін Республикалық  алғашқы медико-санитариялық көмек орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Жастар денсаулық орталығында дөңгелек үстел өтті. Шараға тек жасөспірімдер ғана емес, олардың ата-аналары да, сондай-ақ салалық мамандар — гинекологтар, урологтар, психологтар қатысты.


Кездесу барысында жыныстық тәрбие, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу және ата-аналар мен балалар арасындағы ашық диалогтың маңызы сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Сарапшылардың пікірінше, репродуктивті денсаулықты сақтау — бұл тек медициналық емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени мәселе. Ол отбасындағы сенімді қарым-қатынастан, дұрыс ақпараттан және кәсіби қолдаудан басталады.


Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың дені сау, саналы және жауапты азамат болып өсуіне ықпал етеді. Репродуктивті денсаулық апталығы аясындағы жұмыстар еліміздің барлық өңірінде жалғасуда.